ЖАРИЯ КЕЛІСІМШАРТ ОФЕРТАСЫ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы құжат – ақылы қызмет көрсету туралы жария оферта болып табылады және
сайт материалдарына қол жеткізу бойынша ақылы қызмет көрсету туралы шарттың
талаптарын қамтиды.
Осы құжат – Орындаушының шектеусіз тұлғалар шеңберіне бағытталған жария
офертасы болып табылады. Бұл оферта Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексінің (бұдан әрі – «ҚР АК») 395-396-баптарында көрсетілген жария оферталарға
қойылатын барлық маңызды талаптарды қамтиды және оны қабылдаған кез келген
тұлғамен шарт жасасу жөніндегі Орындаушының еркін білдіреді.
ҚР АК 395-бабының 1-тармағына сәйкес, оферта – бұл шарт жасасу туралы ұсыныс,
егер ол жеткілікті түрде анық болып, оны ұсынған тұлғаның өз ұсынысын қабылдаған
жағдайда өзіне міндетті деп санайтынын білдірсе. Ұсыныс анық болып есептеледі,
егер онда шарттың маңызды талаптары немесе оларды анықтау тәртібі көрсетілсе.
Офертаға келісу – біліктілікті арттыру курстарына жазылуға келісім білдіру. ҚР АК 396-бабына сәйкес, акцепт – оферта бағытталған тұлғаның оны қабылдау туралы жауабы. Акцепт толық және сөзсіз болуы тиіс. Осы Шартты акцепттеу әрекеттерін жасау арқылы Қатысушы өзінің құқық және әрекет қабілеттілігін, сондай-ақ осы Шарт негізінде құқықтық қатынастарға түсу құқығының заңдылығын растайды. Осы Шартты қабылдаудың толық және сөзсіз нысаны (бұдан әрі – Акцепт) – тіркелу кезінде осы Шарттың талаптарымен келісімін білдіру болып табылады. Акцептант (Тапсырыс беруші) осы оферта-шарттың мәтінімен Орындаушының қызметтерін төлеуге дейін танысқанын растайды. Орындаушының қызметтерін төлеу осы офертаны қабылдауды білдіреді және оферта мәтінімен танысу, шарт жасасу және оның мазмұнын толық түсіну фактісін куәландырады. Орындаушы қызметтеріне ақы төлеу арқылы оферта мәтінімен таныспау фактісін белгілеуге бағытталған кез келген түсініктемелер, мәлімдемелер, жазбаша ақпараттар және басқа да әрекеттер заңсыз болып табылады және құқықты теріс пайдалануға бағытталған деп есептеледі.
Егер Орындаушы арнайы ұсыныстар немесе бөліп төлеу шарттарын ұсынса, Тапсырыс берушінің кез келген төлем жасауы (толық немесе ішінара) осы офертаның толық және сөзсіз акцепті болып саналады.
1.2. Бұл оферта мерзімсіз болып табылады және кез келген тұлға оны кез келген
уақытта акцепттей алады.
Осыған байланысты, осы Шарттың мәтінін мұқият оқып шығыңыз. Егер сіз осы оферта- шарттың қандай да бір тармағымен келіспесеңіз, Орындаушы сізге акцепт жасау үшін қажетті кез келген әрекеттерден бас тартуды ұсынады. Сонымен қатар, Орындаушысізді алдын ала ескертеді: егер сіз Орындаушының қызметтеріне ақы төлесеңіз, сіз
осы офертада көрсетілген барлық шарттарды қабылдаған болып саналасыз және
Орындаушымен осы шарттың мәтіні бойынша қызмет көрсету туралы шарт жасасқан тұлға ретінде қарастырыласыз.
Бұл офертада ҚР АК 395-396-баптары қолданылады. ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы
27 желтоқсандағы № 269-XII қаулысымен қабылданған ҚР Азаматтық кодексі заңды
күшіне енген.
1.3. Орындаушы мен Тапсырыс беруші осы Шартты жасасу және орындау үшін қажетті
әрекет қабілеттілігі мен құқық қабілеттілігі бар екеніне кепілдік береді.
1.4. Қызметтердің тізімі, сипаттамасы және оларды ұсыну шарттары, сондай-ақ
олардың бағалары Орындаушының https://onai-bilim.kz интернет-ресурсында
жарияланған және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
2. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
2.1. Осы Шартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Өтініш – қағаз немесе электрондық түрде толтырылған, осы Шарт талаптарына сәйкес
білім беру қызметтерін алу туралы өтініш. Өтініштің нысанын Орындаушы
айқындайды.
Оферта – Тапсырыс берушіге білім беру қызметтерін көрсетуге арналған осы жария
шарт.
Оферта акцепті – Орындаушының Тапсырыс берушіден қызметтерді сатып алу ниеті
туралы кез келген қолжетімді тәсілмен (жазбаша өтініш, веб-сайттағы өтініш,
электрондық пошта, әлеуметтік желілер немесе мессенджерлер арқылы) хабарлама
алуы.
Орындаушы – «Onai Bilim», осы Оферта талаптары бойынша Тапсырыс берушіге білім
беру қызметтерін көрсететін тұлға.
Білім беру қызметтері – ҰБТ-ға дайындық бойынша Орындаушы ұсынатын онлайн
оқыту қызметтері.
3. ОФЕРТАНЫҢ ПӘНІ
3.1. Осы Оферта бойынша Орындаушы Тапсырыс берушіге ақылы негізде ҰБТ-ға
дайындық қызметтерін көрсетеді. Қызметтер Орындаушының платформалары арқылы
онлайн сабақтарға қол жеткізу түрінде ұсынылады.3.2. Осы Офертаның акцепті болып табылады:
Орындаушының қызметтеріне ақы төлеу;
Платформада тіркелу;
Өтінішті толтырып, жіберу (4.3.3-тармақ).
3.3. Осы Офертада көрсетілген талаптармен келісу арқылы Тапсырыс беруші барлық
шарттарды толық және сөзсіз қабылдайды.
3.4. Шарт Тапсырыс берушінің Орындаушының шотына қаражат аударған сәтінен
бастап күшіне енеді.
3.5. Тараптардың қатынастары осы Шартпен және ҚР оферта мен қосылу шарттарына
қатысты заңнамасымен реттеледі.
3.6. Білім беру курстарының бағасы «ONAI BILIM» ЖК-нің бекітілген тарифтеріне сәйкес
айқындалады.
3.7. Тапсырыс беруші Орындаушы ұсынған пакеттердің бірін таңдауға құқылы.
3.8. Тапсырыс беруші оқыту тек қашықтықтан (вебинарлар, бейнесабақтар, видео
лекциялар) өтетінін қабылдайды.
4. ҚЫЗМЕТТЕР ҚҰНЫ, ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ШАРТТЫҢ ЖАСАЛУЫ
4.1. Қызметтер үшін төлем тапсырыс берушінің банк картасынан қаражатты есептен
шығару немесе Орындаушының кассасы арқылы қолма-қол төлеу арқылы жүзеге
асырылады.
4.2. Төлем Орындаушы бекіткен тарифтерге сәйкес 100% мөлшерінде алдын ала
төленеді.
4.3. Шартты жасасу тәртібі:
4.3.1. Шарт жасасу үшін Тапсырыс беруші – Оқушы Onai Bilim интернет-сайтынан
қашықтықтан оқыту курсын таңдайды.
4.3.2. Оқушы өтінімді жүктеп алып, барлық жолдарын толтырып, әр бетіндегі төменгі
колонтитулда аты-жөні мен күнін көрсетіп, қол қоюы қажет.
4.3.3. Дұрыс сканерленген өтінімді arai@onaibilim.kz электрондық поштасына жіберу
қажет.
4.3.4. Тапсырыс беруші немесе оның ата-анасының төлем жасауы Қазақстан
Республикасы Азаматтық кодексінің 396-бабына сәйкес осы Шарттың талаптарын
толық және даусыз қабылдағанын білдіреді.
4.4. Егер Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, Орындаушы өткізілген
практикалық сабақтар үшін әр сағатқа 5000 теңге мөлшерінде қаражат ұстап, қайта
есептеу жүргізеді. Лекциялық сабақтар үшін қайта есептеу/қайтару
қарастырылмайды.4.5. Оферта орындалған жұмыстардың актісі ретінде күшіне енеді. Қызметтер актісіз
қабылданған болып есептеледі.
4.6. Орындаушы Тапсырыс берушінің қызмет алу кезінде алған ақпарат пен
сабақтарды үшінші тұлғаларға, соның ішінде ақылы түрде, таратқаны анықталған
жағдайда, қызмет көрсетуден бас тартуға (Тапсырыс беруші төлеген қаражатты
қайтармастан) құқылы. Ақпарат пен материалдарды тек жеке мақсатта және
Тапсырыс берушінің жеке пайдалануы үшін қолдануға рұқсат етіледі.
5. ОРЫНДАУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
5.1. Орындаушы Тапсырыс берушіге (немесе оның баласына) ҰБТ-ға дайындау
қызметтерін ұсынуға міндетті.
5.2. Орындаушы Тапсырыс берушінің деректерінің құпиялылығын сақтауға
міндеттенеді.
5.3. Егер Тапсырыс беруші материалдарды үшінші тұлғаларға бергені анықталса,
Орындаушы қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.
5.4. Орындаушы сабақтың кестесі мен ұзақтығын өзгертуге құқылы, бұл туралы
Тапсырыс берушіні кемінде 1 сағат бұрын хабардар етеді.
5.5. Орындаушы акциялар мен жеңілдіктер енгізуге құқылы.
6. ТАПСЫРЫС БЕРУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
6.1. Тапсырыс беруші өзі және баласы туралы нақты деректерді ұсынуға міндетті.
6.2. Тапсырыс беруші қызметтерді уақтылы төлеуге міндетті.
6.3. Егер Тапсырыс беруші оның фотосуреттерінің жарнамалық мақсатта
пайдаланылғанын қаламаса, бұл туралы Орындаушыны жазбаша түрде хабардар етуі
қажет.
6.4. Тапсырыс беруші (оның баласы) онлайн-сабақтарға кешікпеуі тиіс. Орындаушы
негізсіз себеппен кешіккен оқушыны сабаққа қоспауға және сабақты өткен деп
санауға құқылы.
7. ШАҒЫМДАРДЫ ҚАРАУ, ШАРТТЫ БҰЗУ ЖӘНЕ ҚАРАЖАТТЫ ҚАЙТАРУ
7.1. Тапсырыс беруші Шартты бұзу ниеті туралы Орындаушыны кемінде 10 жұмыс күні
бұрын хабардар етуі тиіс.
7.2. Көрсетілмеген қызметтер үшін қаражатты қайтару өтініш берілген сәттен бастап
30 күн ішінде жүзеге асырылады.
7.3. Егер өтініш оқу басталған күннен бастап 14 күн ішінде берілсе, онда төлем 5000
теңге/сағат есебінен қайтарылады.
7.4. Орындаушы келесі жағдайларда Оқушыны курстан шығарып, ақшаны
қайтармауға құқылы:Оқушы курсқа рұқсатсыз үшінші тұлғаларға қолжетімділік берген;
Сабақтың негізгі тақырыбынан назарды басқа жаққа аударған;
Чаттарда және талқылауларда спам таратқан;
Жарнамалық материалдарды орналастырған;
Ұлтаралық араздықты қоздырған;
Бейәдеп сөздер айтып, қатысушыларға немесе Орындаушы қызметкерлеріне тіл
тигізген;
Жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығын бұзған;
Орындаушының, кураторлардың немесе басқа қатысушылардың абыройы мен
беделіне нұқсан келтірген.
7.5. Осы аталған бұзушылықтардың кез келгені анықталған жағдайда, ONAI BILIM
платформасына қолжетімділік дереу тоқтатылуы мүмкін.
8. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
8.1. Шартты орындау барысында туындаған даулар келіссөздер арқылы шешіледі.
Егер дауларды бейбіт жолмен шешу мүмкін болмаса, олар сотта қаралады.
9. ФОРС-МАЖОР ЖАҒДАЙЛАРЫ
9.1. Тараптар форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде өз міндеттемелерін
орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
9.2. Форс-мажорлық жағдайларға әскери әрекеттер, табиғи апаттар, үкіметтік актілер
және карантиндік шаралар жатады.
10. ҚЫЗМЕТ САПАСЫНА КЕПІЛДІКТЕР
10.1. Орындаушы көрсетілетін Қызметтердің сапасына кепілдік бере отырып,
Тапсырыс берушінің ҰБТ-да күткеннен төмен нәтиже алғаны үшін немесе оның тікелей
және жанама шығындары үшін жауап бермейді. Себебі, оқытудың сәттілігі мен
білімнің меңгерілуі Тапсырыс берушінің (баланың) мақсаткерлігіне, еңбекқорлығына,
табандылығына, интеллектуалдық даму деңгейіне, шығармашылық және басқа да
жеке қабілеттеріне байланысты, бұл екі тараппен даусыз қабылданады.11. ШАРТТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ
11.1. Осы Оферта 2023 жылдан бастап күшіне енеді және Орындаушы оны кері
қайтарып алғанға дейін қолданылады.
12. ОРЫНДАУШЫНЫҢ РЕКВИЗИТТЕРІ
Компания: ЖК ONAI BILIM
Мекенжай: Қазақстан, Астана қаласы, Бөгенбай батыр 56А
БСН (ЖСН): 010306550798
Банк: АҚ "Kaspi Bank"
Кбе: 19
БИК: CASPKZKA
Шот нөмірі: KZ63722S000015823288
Made on
Tilda